6 жасар қызға сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық көрсеткен ақтөбелік сотталды

АҚТӨБЕ. KAZINFORM – Ақтөбеде 61 жастағы ер адам сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері үшін сотталды. Ол өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

Сотрудники банка выдавали кредиты, не проверяя документы, в Акмолинской области
Фото: pexels.com

Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылан ауданаралық сотында Ж.Қартпанбетовке қатысты іс қаралды. Оған Қылмыстық кодекстің 121 бабы 4 бөлігімен, яғни, сексуалдық сипаттағы зорлық-замбылық әрекеттері үшін айып тағылды. Іс жабық жағдайда қаралды. Өйткені жәбірленуші 6 жастағы қыз болды. Сотталушы жыныс мүшесін көрсеткен.

- ҚР Қылмыстық кодекстің 121 бабы 4 бөлігімен айыпты деп танылсын. Қылмыстық кодекстің 50 бабы 2 бөлігіне сәйкес педагогикалық лауазымдарды және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Жазасын қылмыстық атқару жүйесінің төтенше қауіпсіз мекемелерінде өтеу тағайындалсын. Қылмыстық кодекстің 91 бабы 1 бөлігі 4 тармағы, 98 бабы 2 бөлігі негізінде бас бостандығынан айыру жазасын өтеу орнында мәжбүрлі түрде психикалық мінез-құлық бұзушылықтардан емдеу тағайындалсын,- деді судья Нұрлан Бақтығалиев.

Еске салсақ, танысына оттық үшін пышақ сұққан Константин Панаскин 11 жылға, ал оның өлімін жасырмақ болған Михаил Лукин 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

 

Соңғы жаңалықтар