Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

7 ай бойынша Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы жүк тасымалдау көлемі 12,3 млн. тоннаны құрады - Ташкенттегі келіссөздер

ТАШКЕНТ. 21 тамыз. ҚазАқпарат - Өзбекстан астанасында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен «Узбекистон темир йоллари» мемлекеттік акционерлік теміржол компаниясы делегацияларының екіжақты келіссөздері басталды.

7 ай бойынша Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы жүк тасымалдау көлемі 12,3 млн. тоннаны құрады - Ташкенттегі келіссөздер

Оның барысында тараптар теміржол көлігі саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылап, темір жолдардың 2011 жылғы және 2012 жылдың жеті айы бойынша жұмыс қорытындысын шығаруды көздеп отыр.

Кеңесті «Узбекистон темир йоллари» МАТК басқармасы төрағасының орынбасары Шерзод Исматоллаев ашып, бұған дейін теміржол әкімшіліктері арасында өткізілген екіжақты келіссөздердің нәтижелілігін атап өтті.

«Қазақстан темір жолы ҰК» АҚ-ның пайдалану қызметі бойынша басқарушы директоры Бауыржан Орынбасаровтың атап өтуінше, соңғы жылдары МАТК және ҚТЖ арасында өте тиімді жұмыс жүргізілуде. Жоспарланған тасымалдаулар көлемін табысты жүзеге асыруға мүмкіндік берген көптеген уағдаластықтар мен келісімдерге қол жеткізілді.

«Қазақстан үшін ең бастысы - қыркүйек айында жоспарланып отырған Өзбекстан Республикасы Президентінің Қазақстанға сапары. Сапар аясында біз үкіметаралық келісімге қол қоюды жоспарлаудамыз, сондай-ақ қазақстандық-өзбек шекарасы арқылы кіргізу бекеті бойынша үкіметаралық келісімге өзгерістер мен толықтырулар туралы хаттамаға қол қойылады, және бұл хаттамаға біз екі пунктті - Мақтаарал мен Сырдарияны кіргіздік», - деп атап өтті қазақстандық делегацияның басшысы.

Б.Орынбасаровтың айтуынша, 2011 жылы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы жүк тасымалдарының жалпы көлемі 19,6 млн. тоннаны құрады, бұл 2010 жылдың деңгейінен 3 пайызға көп. «Бұл қарқынды биыл да сақтап қалдық. Ағымдағы жылдың жеті айы бойынша жүк тасымалдарының көлемі 12,3 млн. тоннаны құрады, бұл 18 пайыздық өсімді көрсетеді», - деп атап өтті ҚТЖ-ның басқарушы директоры.

Келіссөздер екі күнге жалғасады және Қазақстан мен Өзбекстанның теміржол әкімшіліктерінің хаттамаға қол қоюымен аяқталады.