7 наурызда республика бойынша қай жолдар ашық, қайсысы жабық

АЛМАТЫ. KAZINFORM – «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы хабарлады.

сопровождение скопившегося транспорта на трассах
Фото: Ақмола облыстық Полиция департаменті

Ұлттық компанияның мәліметінше, 2026 жылғы 7 наурыз сағат 08:30-дағы жағдай бойынша келесі учаскелерде барлық автокөлік түрлері үшін қозғалыс ашылды:

Ақтөбе облысы

• «Ақтөбе — РФ шекарасы (Әлімбет өткізу бекеті)» автожолының 39-136-шақырым аралығы (Ш. Қалдаяқов ауылы – Әлімбет шекаралық өткізу пункті).

Сонымен қатар келесі учаскеде тек жеңіл автокөліктердің қозғалысына рұқсат етілген:

• «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 776-1153-шақырым аралығы (Ақтөбе қаласы – Ырғыз ауылы).

Қостанай облысы

• «Қостанай – Әулиекөл – Сұрған» автожолының 8-218-шақырым аралығы (Тобыл қаласы – Октябрьское ауылы);

• «Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шекарасы» автожолының 418-539-шақырым аралығы (Қарабалық кенті – Қостанай қаласы).

Еске салайық, синоптиктер Қазақстанның барлық дерлік өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасаған еді.

Елдің басым бөлігінде қар аралас жаңбыр жауып, тұман түседі.