09:20, 10 Желтоқсан 2020 | GMT +5
7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылған азамат мас күйде қайта рульге отырған
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбылдық полиция қызметкерлері 7 жылға жүргізуші құқығынан айырылғанына қарамай қайта мас күйінде рульге отырған жүргізушіні ұстады,- деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Мойынқұм ауданының Жамбыл ауылына кіре берісте УАЗ автокөлігін басқарған 33 жастағы тұрғын ұсталды. Құжаттарын тексеру кезінде жүргізушінің мас екендігі анықталды.
«Медициналық анықтамаға сәйкес, жүргізуші көлік құралын орташа мас күйде басқарған. Сонымен қатар, ол бұрын сот шешімімен ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабын бұзғаны яғни көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін 7 жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылғандығы анықталған. Қолданыстағы шектеулерге қарамастан, жосықсыз жүргізуші мас күйде қайтадан рульге отырған. Енді ол қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкін»,-делінген Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарламасында.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 346-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.