7 000 метр биіктікте қалған ресейлік альпинистті бір аптадан бері құтқара алмай жатыр

АСТАНА. KAZINFORM — 47 жастағы ресейлік альпинист Наталья Наговицынаның 12 тамызда аяғы сынып, содан бері Қырғызстандағы Жеңіс шыңының төңірегінде (7439 м биіктікте) қалып қойғаны белгілі болды, деп хабарлайды DW.

п
Фото: kabar.kg

Оның жанындағы серігі алғашқы медициналық көмегін көрсетіп, көмек іздеп кеткен. Келесі күні екі шетелдік альпинист оның эвакуациясын үйлестіре алмағандықтан оны ұйықтайтын қапшықпен (спальный мешок) орап, сол жерде қалдырған.

Қазіргі уақытта оның азық-түлігі жоқ, ауызсуы да аз көрінеді. Mash таудан ұшып өтіп жатқан дроннан түсірілген видеоны жариялады. Осы видеоға сүйене отырып, құтқарушылар оның тірі екенін және жыртылған шатырдың ішінде жатқанын анықтады. Бірақ ролик қашан түсірілгені көрсетілмеген.

РЕН телеарнасының сұхбатшысы, Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрлігінен, Натальяға соңғы рет жетуге 16 тамызда тырысқанын айтты. Қиын ауа райы себепті тікұшақ апатты жағдайда қонуға мәжбүр болды. Экипаж мүшелері жарақат алып, оларды екінші тікұшақпен эвакуациялау керек болды. Ал елдің Қорғаныс министрлігі «Интерфакс» агенттігіне берген мәліметінде, альпинистті құтқарудың соңғы әрекеті 17 тамызда болғанын хабарлады.

Келесі рет Натальяға көмек көрсетуге 20 тамызда аттанады. Қорғаныс министрлігінің екі тікұшағы қазір ұшуға дайын тұр, бірақ ауа райының қолайсыздығынан — күшті қар жаууы мен көрініс нашар болғандықтан ұша алмай жатыр. Ведомстводан хабарлағандай, 11 тамыздан бері Қырғызстан тауларына өрмелеу кезінде екі ресейлік азамат және бір италиялық азамат қаза тауып, тағы бір ресейлік пен бір неміс азаматы жарақат алды.

Натальяның күйеуі Сергей Наговицын 2021 жылдың жазында Қырғызстандағы Хан-Теңгри шыңында қайтыс болды. 6900 метр биіктікте альпинистке инсультке ұшырады. Оның қасында болған жұбайы құтқарушылардың айтқандарын тыңдамай, күйеуінсіз төмен түспеуге шешім қабылдады. Соңында Сергей қаза тапты, ал Натальяны құтқарып қалды. Бір жылдан кейін ол қайтадан Хан-Теңгриге шығып, күйеуіне арнап ескерткіш тақтайша орнатты. Альпинист әрі режиссер Дмитрий Синицин бұл туралы «Хан-Теңгриде қалу» атты деректі фильм түсірген.

Осыдан бұрын Қырғызстанда Жеңіс шыңы маңында Қорғаныс министрлігіне тиесілі Ми-8 тікұшағы (борт нөмірі 205) биік таулы аймақ пен күрделі метеожағдайда апатты жағдайда қонуға мәжбүр болғаны хабарланды.

Соңғы жаңалықтар