9-қабаттан жайма арқылы түспек болған: Астанада өрт сөндірушілер ер адамды құтқарды

АСТАНА. KAZINFORM –  Елордада ТЖМ қызметкерлері көп қабатты тұрғын үйдегі өрт кезінде ер адамды құтқарды.

9-қабаттан жайма арқылы түспек болған: Астанада өрт сөндірушілер ер адамды құтқарды
Фото: Видеодан скрин

Астана қаласы Сарайшық ауданында Ж.Нәжімеденов көшесінде тұрғын үй кешенінің тоғызыншы қабатындағы пәтерде өрт шыққан.

Жедел келген өрт сөндірушілер пәтердің балконына автосатыны орнатып, ер адамды құтқарып қалды.

Содан кейін оны жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне тапсырды. Өрт сөндірушілер келгенге дейін ер адам бірнеше жайманы байлап, төмен түсуге тырысқан екен. 

Еске салсақ Астанада тұрғын үйлердің өртке қарсы қауіпсіздік жүйесін жаңғырту жұмысы жүріп жатқаны туралы жазған едік

Соңғы жаңалықтар