16:23, 06 Қараша 2013 | GMT +5
Ә. Исекешев: «АрселорМиттал» өнімінің сапасы бойынша мәселелер бар, өйткені өндірісті жетілдіру мерзімі созылып барады
АСТАНА. 6 қараша. ҚазАқпарат - «АрселорМиттал» өнімінің сапасы бойынша мәселелер бар, өйткені өндірісті жетілдіру мерзімі созылып барады. Бұл туралы бүгін ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев айтты.

Бұдан бұрын хабарланғандай, республикалық газеттердің бірінде «АрселорМиттал» компаниясының басқарма төрағасы, директорлар кеңесінің төрағасы Лакшми Митталдың Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа жолдаған хаты жарияланды. Онда «металлургия патшасы» қазақстандық шенеуніктер, судьялар мен бизнесмендерге шағым айтқан. Үндістандық миллиардер жекеменшік компаниялар мен мемлекеттік мекемелер тарапынан болатын заңсыздықтарға ашулы көрінеді. Соған байланысты Елбасынан «АрселорМиттал Теміртау» АҚ мен оның жұмысшылары тап болған қиын жағдайды шешуге ықпал етуін сұрайды. «АрселорМиттал» хатына тоқталатын болсақ, бұл тұрғыда бірнеше мәселе бар. Миттал мырза қандай компаниялар қиындыққа тап болып отырғандығын түсіне отырып, бірқатар мәселелер бойынша Мемлекет басшысынан көмек сұрады», - деді Ә. Исекешев. . Министрдің сөзіне қарағанда, бюрократиялық төрешілдік тұрғысындағы кейбір мәселелер өз шешімін тапты. Мұнымен қоса, министр қазіргі кезде Қазақстанның ішкі нарығындағы әлеует толық көлемде пайдаланылмай отырғандығын, сондықтан да бірлескен іс-қимыл қабылданғанын жеткізді.