20:51, 27 Мамыр 2013 | GMT +5
Ә.Исекешев химия саласы қызметкерлерінің бірыңғай қауымдастығын құруды ұсынды
АСТАНА. 27 мамыр. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев химия саласы қызметкерлерінің бірыңғай қауымдастығын құруды ұсынды. Ол аталған ұсынысты бүгін Химия өнеркәсібі қызметкерлері күніне арналған химия өнеркәсібін дамыту жөніндегі кеңесте жасады.

«Біздер барлығы бірыңғай қауымдастыққа кіргендігін не болмаса қандай да бір одақ құрылғандығын қалаймыз. Барлық кәсіпорындардың «Атамекен» ҰЭП-ның құрамына кіретін бір қауымдастыққа қатысқандығы өте маңызды әрі ол химияны дамыту бойынша министрліктің әріптесі болар еді», - деді Ә.Исекешев.