А. Лукашенко: Минскідей әлем чемпионатын енді ешкім өткізе алмайды
«Мамырда Минскіде хоккейден әлем чемпионаты өткен болатын. Біз бұл чемпионатты әлемдегі ең үздік чемпионат қыламыз деп уәде бергенбіз. Артынан мемлекет пен халықаралық федерациялардың жоғары өкілдері дәл сондай баға берді. Ондай деңгейде ешкім де өткізе алмайды деп нық сеніммен айта аламын», - деп атап өтті Александр Лукашенко.
Оның деректеріне сүйенсек, хоккейге 650 мыңнан астам адам келген. Тағы екі миллионнан астам адам фан-аймақ пен қонақ күту аймағында болған.
«Айта кетерлігі, бұл күндері Минскіде қылмыс қалыпты күндерге қарағанда, екі есе аз болды. Бұдан да көп нәрсе түюге болады».
Еске сала кетейік, бүгін Минскіде Тәуелсіз мемлекеттер достастығы үкімет басшыларының кеңесі өтеді. Қазақстандық делегацияны Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев бастап барды.