18:21, 13 Қараша 2013 | GMT +5
А. Сәрінжіпов 2014 жылдан бастап білім беру жүйесінде алқалы басқару элементтерін енгізуді ұсынды
АСТАНА. 13 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстанда білім және ғылым саласын дамытудың 2014-2016 жылдарға арналған басым бағыттары бойынша өткен ҚР Білім және ғылым министрлігінің алқа мәжілісінде осы ведомствоның басшысы Аслан Сәрінжіпов 2014 жылдан бастап білім беру жүйесінде алқалы басқару элементтерін енгізуді ұсынып отыр.

«Яғни, біз байқаушы кеңестердің өкілеттілігін күшейтетін боламыз. Байқаушы кеңестерге жергілікті атқару органдарының, индустрия, кәсіпкерлердің ұлттық палатасының және қоғамдастықтың өкілдерін енгіземіз», - деп тоқталды ведомство басшысы. Оның сөзіне қарағанда, байқаушы кеңестердің өкілеттілігіне ректорларды келісу мен тағайындау, жоғары оқу орнын дамытудың стратегиясын келісу, сондай-ақ қаржылық ресурстардың мақсатты және тиімді пайдаланылуын қадағалау кіреді.