Ә. Жақсыбеков АҚШ Қорғаныс министрінің Азия және Тынық мұхиты аймағы қауіпсіздігі мәселелері бойынша орынбасары П Лэвоймен кездесті

ТАНА. 30 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбековтің АҚШ Қорғаныс министрінің Азия және Тынық мұхиты аймағы қауіпсіздігі мәселелері бойынша орынбасары доктор Питер Лэвоймен кездесуі болып өтті.

Ә. Жақсыбеков  АҚШ Қорғаныс министрінің Азия және Тынық мұхиты аймағы қауіпсіздігі мәселелері бойынша орынбасары  П Лэвоймен кездесті

- АҚШ-пен ынтымақтастық біздің мемлекетіміздің сыртқы саясаттағы маңызды бағыттардың бірі болып саналады. Қазақстанның АҚШ-пен қарым-қатынасы жоғары серпінділігімен, әртүрлі қызмет салалары бойынша оның ішінде қорғаныс саласында өзара мүдделілікке негізделген шынайы әріптестік байланыстарымен сипатталады,-деп атап өтті Қазақстан Қорғаныс ведомствосының басшысы. - Қазақстан өз қауіпсіздігін қамтамасыз етуді еліміздің басшылығы жүргізіп отырған тату көршілік пен бейбіт сүйгіш саясаты арқылы қарастырады.

Қазақстан армиясы екі жақты әскери ынтымақтастық шеңберінде жасалған алдағы бес жылдыққа (2013-2017 жылдарға) арналған жоспарға байланысты белсенді істер атқаруда. Қазақстан Қарулы Күштері өкілдерінің күшімен белгілі жұмыстар атқарылды. Ол жөнінде екі жақты консультацияда талқыланды.

Отандық қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің дамуы екі жақты ынтымақтастықтың басты басым бағыттарыны бірі болып саналады.

- Жаңа әлемдегі қауіп-қатерлер жаңа формаға ие болып отыр. Бұл қатерге қарсы тұрарлық жаңа әдіс - Қарулы Күштер қызметіне сандық технологияларды енгізу және ақпараттық-сандық инфрақұрылымдардың қорғаудың сәйкес деңгейін құру қажеттігін тудырады, - деп атап өтті Әділбек Жақсыбеков. - Біздің біздің ел аумағында бірлескен өндірістер ұйымдастыруға мүдделіміз.

Іс-шара соңында тараптар жемісті жұмыстардың жалғаса беретініне сенімділік білдірді.