Ә.Жақсыбеков: БҰҰ миссияларына қатысу барысында қазақстандық әскерилердің шығынға ұшырау тәуекелі бар
АСТАНА. 20 желтоқсан. ҚазАқпарат - БҰҰ миссияларына қатысу барысында қазақстандық әскерилердің шығынға ұшырау тәуекелі бар. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің офицерлерін БҰҰ-ның миссияларына қатысу үшін бақылаушылар ретінде жіберу туралы үндеуін қарау барысында депутаттардың сауалына жауап берген ҚР Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков айтты.
«Біз әскери қызметшілерді әскери-саяси ахуалдың өзі тұрақсыз әрі белгілі тәуекелдермен байланысты жанжалды жағдай орын алып отырған өңірлерге жібереміз», - деді ол.
Сонымен қатар министр әскери қызметшілер ерікті түрде іріктеп алынатындығын әрі олардың жұмыстарының белгілі бір тәуекелдермен байланысты екендігін түсінуі тиіс екендігін баса айтты.
Айта кетейік, бүгін ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің офицерлерін БҰҰ-ның миссияларына қатысу үшін бақылаушылар ретінде жіберу туралы ұсынысы қаралып, депутаттық корпус Елбасы ұсынысына қолдау білдірген болатын.