Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Абай қаласындағы 5 қабатты тұрғын үйдің пәтерінде болған өрт орнынан ер адамның мүрдесі табылды

АСТАНА. 12 қаңтар. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының Абай қаласында 11 қаңтар күні сағат 12:22-де 5 қабатты тұрғын үйдің пәтерлерінің бірінде өрт болды.

Абай қаласындағы 5 қабатты тұрғын үйдің пәтерінде болған өрт орнынан ер адамның мүрдесі табылды

ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлағандай, жалын 14 минуттан кейін ауыздықталды.

Өртті сөндіруге Қарағанды облыстық ТЖД-гі өрт сөндіру қызметінің 10 адамы мен 3 техникасы жұмылдырылды.

Оқиға орнынан 57 жастағы ер адамның мүрдесі табылды.