Абай мен ШҚО жолдарында қозғалыс күрделенуі мүмкін – ТЖМ

АСТАНА. KAZINFORM – 2026 жылғы 9 ақпан сағат 10:40-та Абай мен Шығыс Қазақстан облыстарындағы республикалық маңызы бар автожолдарда күннің бұзылуына байланысты барлық көлік түрлерінің қозғалысына уақытша шектеу енгізілді, деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол».

дорога закрыта, снег, автомобиль, метель, боран, қар
Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

Абай облысы:

- «Алматы — Талдықорған — Өскемен — Шемонаиха — РФ шекарасы» автожолының 971-1013 шақырым аралығы (Қалбатау елді мекені — ШҚО шекарасы); - «ҚХР шекарасы — Майқапшағай — Зайсан — Қалбатау — Семей — Павлодар — РФ шекарасы» автожолының 910-1002 шақырым аралығы (Қалбатау ауылы — Көкпекті ауылы).

Шығыс Қазақстан облысы:

- «Алматы — Талдықорған — Өскемен — Шемонаиха — РФ шекарасы» автожолының 1013-1062 шақырым аралығы (Абай облысының шекарасы — Рубеж бекеті). Жолды 2026 жылғы 9 ақпан сағат 21:00-де ашу жоспарланған.

Осыған дейін республика жолдарындағы жалпы жағдай зөнінде мәліметтер жариялаған едік.

 

Соңғы жаңалықтар