Абай облысында 64,2 мың гектар пайдаланылмаған жер мемлекет меншігіне қайтарылды

АСТАНА. KAZINFORM – Абай облысында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді мемлекет меншігіне қайтару бойынша жоспар межеден асыра орындалды. Бұл туралы АШМ баспасөз қызметі хабарлады. 

 Абай облысында 64,2 мың гектар пайдаланылмаған жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

2024 жылдың бірінші жартыжылдығында 64,2 мың гектар пайдаланылмаған ауыл шаруашылығы жері қайтарылды. Бұл көрсеткіш бекітілген жоспар — 62,3 мың гектардың 102%-ы.

— 2025 жылға қарай Абай облысы бойынша жалпы көлемі 170 мың гектар жерді мемлекеттік меншікке қайтару жоспарланған. Аталған жұмысты тиімді жүзеге асыру мақсатында ай сайынғы кесте бекітіліп, жер көлемі аудандар арасында бөлінді. Қол жеткізілген нәтижелер Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің Абай облысы департаменті мен аудан және қала әкімдіктерінің тығыз өзара іс-қимылының нәтижесі болып отыр. Пайдаланылмай жатқан жерлерді қайтару жұмыстары жалғасып жатыр, — делінген хабарламада.

Айта кетелік СҚО-да жер учаскесін заңсыз бергені үшін жер комиссиясының мүшелері жазаланған еді

Соңғы жаңалықтар