Абай облысында көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылады
СЕМЕЙ. KAZINFORM – Ауа райының қолайсыздығына байланысты Абай облысында республикалық маңызы бар автожолдың бір бөлігінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді.
ҚазАвтоЖолдың дерегінше, 14 қаңтар күні сағат 23:30-дан бастап «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолының 683-768 шақырым аралығындағы учаскесінде, яғни Таскескен ауылынан Аягөз қаласына дейінгі бөлікте жолаушылар тасымалдайтын рейстік автобустар мен дизель отынымен жүретін автокөліктердің қозғалысы тоқтатылады.
Алдын ала жоспарға сәйкес, жол қозғалысын 2026 жылғы 15 қаңтар күні сағат 09:00-де қайта ашу көзделіп отыр.
Қосымша ақпаратты тәулік бойы 1403 байланыс орталығына хабарласу арқылы алуға болады.
Айта кетейік, кеше екі өңірде көлік қозғалысына шектеу енгізілді.