Абай облысында өрттің алдын алуға арналған жаңа оқу-тәжірибелік кешен ашылды
АСТАНА. KAZINFORM - Абай облысында өрттерді тергеп-тексеру және өрттің алдын алу мәселелеріне арналған мамандандырылған оқу-тәжірибелік кешен ашылды, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Бұл студенттер мен қызметкерлерге оқиға орнын қарау, өрт ошағын анықтау, өрт шығу себептерін белгілеу және дәлелдер жинау дағдыларын тәжірибе жүзінде меңгеруге мүмкіндік беретін заманауи оқу алаңы.
-Кешен азаматтық қорғау саласына білікті мамандар даярлауда маңызды рөл атқарып, төтенше жағдайлардың алдын алу шараларын жетілдіруге ықпал етеді,-делінген хабарламада.
Осыған дейін ТЖМ ерікті өрт сөндіру пунктерінің санын 700-ге жеткізуді жоспарлап отырғаны туралы жаздық.