Абай облысында рұқсатсыз қоқыс тасталған 191 орын жойылды
АСТАНА. KAZINFORM – Абай облысы мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы Семей қаласы мен Бесқарағай, Бородулиха, Жаңасемей және Аягөз аудандарының аумақтарында қалдықтарды рұқсатсыз орналастырудың 191 орнын анықтады.
Прокуратураның қадағалау актісі негізінде барлық заңсыз қоқыс орындары жойылды.
- Жіберілген заңбұзушылықтар үшін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімдерінің басшылары, ауылдық округ әкімдері және облыстың табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бірқатар қызметкері тәртіптік әрі әкімшілік жауаптылыққа тартылды, - делінген ақпаратта.
Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы бұл бағыттағы қадағалау іс-шараларын жалғастыратынын хабарлады.
Айта кетейік, депутаттар Астана мен Маңғыстау облысындағы қоқысты сұраптауға қатысты проблема көтерді.