Абай облысында рульге ие бола алмай, ағашқа соғылған көлік жүргізушісі көз жұмды

СЕМЕЙ. KAZINFORM — Абай облысы Бородулиха ауданында жол апатынан 1 адам қаза болды. 

Абай облысында рульге ие бола алмай ағашқа соғылған көлік жүргізушісі көз жұмды
Фото: Абай облысы ПД баспасөз қызметінен

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы 10 сәуірде таңғы уақытта «Семей-Бородулиха» тасжолының 16-шақырымында болған.

— Volkswagen Passat маркалы автокөліктің 33 жастағы жүргізушісі Бородулиха ауылына қарай келе жатқан. Кенет ол рульге ие бола алмай, жол жиегінен шығып кетіп, ағашқа соғылған. Жол апаты салдарынан жүргізуші сол жерде көз жұмды, - делінген ақпаратта.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша полиция сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастады.

Еске салсақ, осыған дейін Алматыда мотоцикл қағып, екі жол жұмысшысы мерт болғаны жайлы жазғанбыз

Соңғы жаңалықтар