Алматыда мотоцикл қағып, екі жол жұмысшысы мерт болды
АЛМАТЫ. KAZINFORM - Алматыда жол-көлік оқиғасы екі адамның өмірін қиды.

Алматы қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 9 сәуір сағат 1:30 шамасында Алатау ауданында болған. Мотоцикл жүргізушісі Рысқұлов даңғылымен батыс бағытта келе жатып, алдымен жеңіл көлікке соқтығысқан. Кейін қозғалысы тоқтамаған күйде жол жұмыстарын жүргізіп жатқан 3 жұмысшыны ( екі ер, бір әйел адам) қағып кеткен.
- Өкінішке қарай, екі ер адам оқиға орнында көз жұмды. Ал әйел ауыр халде қалалық ауруханалардың біріне жеткізілді. Полицияның анықтау басқармасы екі адамның өліміне әкеп соқтырған жол-көлік оқиғасына байланысты қылмыстық іс қозғады, - деп хабарлады департаменттен.
Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында дауыл кезінде ағаш құлап, ер адам мерт болғанын жазғанбыз.