Абай облысында жол апатынан 3 адам көз жұмды
СЕМЕЙ. KAZINFORM – Абай облысындағы тасжолда жеңіл көлік пен жүк көлігі соқтығысқан.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол апаты республикалық маңызы бар «Омбы-Майқапшағай» тасжолының учаскесінде болған.
- Toyota Avensis пен Howa көліктері соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Toyota Avensis жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.Түрлі дәрежеде дене жарақатын алған бір адам ауыр халде Семейдегі ауруханада жатыр, - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Аталған факті бойынша тәртіп сақшылары ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабы 4-бөлігіне (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы ережелерін бұзуының абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеліп соғуы) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.
Еске салсақ, осыған дейін Алматыда 6 көлік соқтығысып, 5 адам зардап шеккені хабарланған.