Абай облысындағы қамыс өрті толықтай сөндірілді
АСТАНА. KAZINFORM — Абай облысының Үржар ауданындағы Қаракөл ауылдық округінің Перешейка учаскесінде «Ғарыш Сапары» АҚ геоақпараттық сервисінің мониторингі барысында өрт тұтанған нүкте анықталған болатын. Көл жағалауында қамыс өртке оранған еді.
Барлау барысында Сасықкөл көлінің жағалауындағы жетуі қиын батпақты аумақта шамамен 30 гектар жерде құрғақ шөп пен қамыс өртеніп жатқаны анықталған болатын.
Бүгін Төтенше жағдайлар министрлігі Абай облысы Сасықкөл көлінің жағалауында 42 га алаңдағы құрғақ шөп пен қамыс өрті толығымен сөндірілгенін хабарлады.
Еске сала кетейік, өрт шыққан жерге техника бара алмайтындықтан, өртті ауыздықтау қиынға соққан еді. Соған қарамастан, ТЖМ құтқарушылары өртті оқшаулауға бар күштерін салды.