14:26, 10 Маусым 2023 | GMT +5
Абай облысында 1 мыңнан аса адам жеті учаскеде өрт сөндіріп жатыр
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Төтенше жағдайлар министрлігі Абай облысындағы өртке қатысты соңғы мәліметті жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Таңғы сағат 6.00-ден бастап өрт ошақтарына әуеден 164 рет су төгілген.
Абай облысында 7 учаскеде отты сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.
Тілсіз жаумен күреске ТЖМ, Орман шаруашылығы комитетінен, ЖАО және Қорғаныс министрлігінен 1000-нан астам адам, шамамен 237 техника жұмылдырылған.
11 тікұшақ тартылды.
Таңғы сағат 6.00-ден бастап өрт ошақтарына әуеден 164 рет жалпы көлемі 410 тонна су төгілді.
Өрт сөндіру жұмысы басталғалы бері 263 рет жалпы көлемі 590 тонна су төгілді.