Әбиба Әбужақынова әлем чемпионатының қола жүлдесін иеленді

АСТАНА. KAZINFORM – Дзюдодан Әбу-Даби қаласында өтіп жатқан әлем біріншілігінде Қазақстан қоржынына алғашқы жүлде түсті. 

Әбиба
Фото: спортшының жеке мұрағатынан

Әйелдер арасында 48 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Әбиба Әбужақынова қола медальді мойнына тақты. Ол кіші финалда түркиялық Тукче Бедерден «иппон» әдісімен басым түсті. 

Осылайша, оол әлем чемпионаттарындағы екінші қола медалін иеленіп отыр. Бұған дейін Әбиба Ташкенттегі (2022) әлем біріншілігінде алғаш рет үздік үштікке енген болатын.

Еске салсақ, бұған дейін Елдос Сметов пен Әбиба Әбужақынова жұбаныш белдесуінде күресуге мүмкіндік алғанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар