Елдос Сметов пен Әбиба Әбужақынова жұбаныш белдесуінде күресуге мүмкіндік алды

Әбужақынова мен Сметов
Фото: BasSport.kz

АСТАНА. KAZINFORM - Танымал қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов әлем чемпионатының 1/4 финалында нейтрал атлеттер атынан сынға түскен Аюб Блиевтен жеңіліп қалды. 

Сметов бұған дейін үшінші айналымда 2015 жылғы әлем чемпионы Оңтүстік Корея елінің өкілі Ким Вон Жинді GS-де (Golden Score) Waza-Ari ұпайымен, келесі кезеңде Олимпиада ойындарының жүлдегері бразилиялық Мишель Августоны иппон әдісімен жеңген болатын. Алайда 60 келіде белдескен отандасымыз ширек финалда Блиевтен айласын асыра алмады. 

Қуанышымызға орай, әлемдік рейтингтің көшбасшысы Янг Ю Веймен өткен белдесуде рұқсат етілмеген әдіс жасағаны үшін француз спортшысы Валадье Пикард жарыстан шеттетіліп, Елдос әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін күруге мүмкіндік алды. 

Сондай-ақ 48 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Әбиба жартылай финалда моңғолиялық Бавудорж Батаарсухтан жеңіліп, Әбу-Дабидегі әлем біріншілігінде үшінші орын үшін белдесетін болды. 

 

Соңғы жаңалықтар
telegram