Абылайхан Жүсіпов бокстан әлем чемпионаты ширек финалында сынға түседі

АСТАНА. KAZINFORM — Халықаралық бокс ассоциациясы (IBA) аясында Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан әлем чемпионатында Абылайхан Жүсіпов (71 келі) ¼ финалға жолдама алды.

Абылайхан Жүсіпов
Фото: olympic.kz

Отандасымыз беларусьтік Александр Радионовпен шаршы алаңға шықты.

Алғашқы раундта Абылайханның басымдығы байқалып тұрды. Қарсыласына көбірек соққы жұмсап, ұпай қорын молайтты. Екінші және үшінші раундта да қазақстандық былғары қолғап шеберінің пайдасына шешілді. Осылайша ол ширек финалға жолдамасына ие болды.

Айта кетсек, бұдан бұрын Сәкен Бибосынов (54 келі), Ертуған Зейнулинов (63.5 келі), Даниял Сәбит (51 келі), Оразбек Асылқұлов (57 келі) ширек финалға жолдама алған еді

Сондай-ақ 8 желтоқсанда ел құрамасынан Теміртас Жүсіпов (48 келі), Серік Теміржанов (60 келі), Санатәлі Төлтаев (67 келі), Сабыржан Аққалықов (75 келі), Нұрлан Сапарбай (92 келіден жоғары) жарыстың келесі сатысына сынға түсетін болды.

Ал Ерасыл Жақпеков (80 келі), Дәулет Төлемісов (86 келі), Нурмагамед Юсупов (92 келі) қарсыласына есе жіберді.

Соңғы жаңалықтар