09:35, 05 Маусым 2022 | GMT +5
Әбілхан Аманқұл кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Әбілхан Аманқұл кәсіпқой бокстағы бірінші жекпе-жегін сәтті өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әбілхан Аманқұл кәсіпқой рингке алғашқы қадамын АҚШ-тың Миннеаполис қаласындағы бокс кешінде бастады. Ол америкалық Девонте Макдональдпен (1-0, 1 КО) қолғап түйістірді.
Орта салмақтағы боксшылар жекпе-жегі төрт раундқа жоспарланған еді. Әбілхан қарсыласын екінші раундта техникалық нокаутқа жіберіп, кездесу мерзімінен бұрын аяқталды.
Осылайша ол кәсіпқой боксқа қадамын жеңіспен бастады.
Әбілхан Аманқұл 1997 жылы дүниеге келген. Әуесқой бокста 2017 жылы әлем чемпионы, Азияның қола жүлдегері атанды.
Бұған дейін Жәнібек Әлімханұлы WBA рейтингінің үздіктер қатарынан шығып қалғанын жазған едік.