Әбу-Дабиде ҚР мен БАӘ арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас орнатылуының жиырма жылдығына орай «дөңгелек үстел» өтті

ӘБУ-ДАБИ. 19 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін Әбу-Дабидегі БАӘ-нің Стратегиялық зерттеу және талдау орталығында (Emirates Center for Strategic Studies and Research) Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнатылуының жиырма жылдығына арналған «дөңгелек үстел» отырысы өтті.
None
None

Шараға БАӘ-нің көрнекті қоғам, саяси қайраткерлері, сарапшылар, журналистер мен дипломатиялық корпус өкілдері қатысты. Таяу Шығыстың жетекші сарапшылық қауымдастығы болып табылатын стратегиялық зерттеу және талдау орталығында меймандар үшін екіжақты қарым-қатынас тарихынан сыр шертетін арнайы фотокөрме ұйымдастырылды.

Екіжақты қарым-қатынастар тақырыбы бойынша ҚР-ның БАӘ-гі Төтенше және Өкілетті Елшісі Асқар Мусинов пен ҚР Сыртқы істер министрлігінің Сыртқы саяси талдау және жоспарлау комитетінің төрағасы Сержан Әбдікәрімов арнайы баяндамалар оқыды. Әмірліктер тарапынан Орталықазиялық қарым-қатынастар департаменті басшысының орынбасары Сұлтан Мұхаммед Әлмарри сөз сөйледі.

Сұлтан Мұхаммед Әлмарри Әмірліктердің Қазақстан Республикасымен қарым-қатынастарды одан әрі жан-жақты нығайта түсу мүддесін атап көрсетті.

Әмірлік өкілі Қазақстан Орталық Азияның көшбасшысы болып табылатындығын және Әбу-Даби мен Астананың дипломатиялық байланыстарын араб әлемі мен еуразиялық құрылық арасындағы берік көпір ретінде санауға болатындығын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар