Абзал Әжғалиев Олимпиаданың финалына шыға алмау себебін айтты

ПХЕНЧХАН. ҚазАқпарат - Бүгін Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтіп жатқан ХХIII қысқы Олимпиада ойындарында қазақстандық шорт-трекшілер медальсіз қалды. Оның себебін қазақстандық шорт-трекші Абзал Әжғалиев Пхенчханда жүрген ҚазАқпарат тілшісіне айтып берді.
None
None

«Мен алдымен 500 метрде ширек финалда бақ сынадым. Одан жартылай финалға өтіп,  аз уақыттан кейін тағы жарыс жолына шықтым. Жартылай финалды қарқынды бастап, бірінші орында келе жаттым. Өкінішке қарай, қарсыластарымыздың бірінің конькиі сынып қалды да, жарыста қайтадан басынан бастау керек болды. Арада минут өтер өтпестен қайта жүгірдік, демалып үлгерген жоқпын. Сол үшін де болар 500 метрде финалға шыға алмадым», - деді Абзал Әжғалиев.

Сондай-ақ, ол Пхенчхан Олимпиадасына қатысу үшін үш жыл бойы шетелде жаттығу жасағанын, енді біраз уақыт демалатынын айтып берді.

«Біз Сочи олимпиадасынан кейін шетелде үш жыл бойы жаттығу жасадық. Өкінішке қарай, бұл Олимпиадада жолымыз болмады. Енді елге барған соң жақсылап демалып, келесі Олимпиада ойындары туралы ойлана бастаймыз», - деді спортшы.

Еске сала кетейік, Олимпиада ойындарында Қазақстандық шорт-трекшілер медальсіз қалғандығы туралы хабарлаған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар