ӘЧ-2026: АҚШ құрамасы 1/8 финалға жолдама алды

АСТАНА. KAZINFORM — Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатында АҚШ құрамасы 1/8 финалына жолдама алды. 

ӘЧ-2026: АҚШ құрамасы 1/8 финалға жолдама алды
Фото: fifa.com

Америкалық футболшылар плей-офф сатысында Босния және Герцогвинамен шеберлік байқасты.

Кездесу барысыда алғашқы минуттан бір-бірінің қақпасына гол соғатын мүмкіндікті іздеді. Десе бірінші кезеңнің соңыа дейін таблодағы есепке өзгеріс енген жоқ.

Ойынның 45-минутында америкалық футболшы Фоларин Балогун қарсылас қақпасынан саңылау тауып, өз мүмкіндігін мүлт жіберген жоқ.
Ал 82-минутта Малик Тилльман қорытынды есепті белгіледі.

Осылайша АҚШ құрамасы қарсыласынан 2:0 есебімен басым түсіп, 1/8 финалға берілген жолдамаға ие болды.

Енді олар 7 шілдеде жарыстың аталған сатысында Бельгиямен жасыл алаңға шығады.

D тобында АҚШ құрамасы жақсы көрсеткішке жетті.

Аустралияны 2:0, Парагвайды 4:1 есебімен тізе бүктірсе, Түркияға 2:3 есебімен есе жіберді. Нәтижесінде алты ұпаймен бірінші орынға табан тіреді.

Босния және Герцоговина В тобында бір жеңіс, бір тең ойын, бір жеңіліспен 4 ұпаймен үздік үштікті түйіндеді. Олар Швейцарияға 1:2 есебімен есе жіберсе, Канадамен 1:1 есебіне қанағат білдіріп, Қатардан 3:1 есебімен басым түсті.

Айта кетсек, бұдан бұрын Бельгия Сенегалды қосымша уақытта жеңді.