ӘЧ-2026: Португалия құрамасы 1/8 финалға жолдама алды
АСТАНА. KAZINFORM — Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатында Португалия құрамасы 1/8 финалға жолдама алды. Енді олар жарыстың аталған сатысында Испаниямен шеберлік байқасады.
Плей-офф сатысында испаниялық футболшылар Хорватиямен кездесті.
Ойын барысында хорватиялық футболшылар алғашқы болып есеп ашқан еді. Олардың қатарынан Иван Перишич 53-минутта көзге түсті.
Ал 60-минутта Криштиану Роналду пенальтиден таразы басын теңестірсе, португалиялық тағы бір ойыншы Гонсалу Рамуш 94-минутта соққан гол өз құрамасына жеңіс алып келді.
Осылайша Португалия қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсті.
Әлем футболындағы танымал жұлдыз Криштину Роналду бастаған жігіттер топтық кезеңде аса сәтті ойын көрсете алған жоқ. Екінші орынды місе тұтты. Бір жеңіс, екі тең нәтижемен бес ұпай еншілеген олар Өзбекстанды 5:0 есебімен қапы қалдырып, Колумбиямен 0:0, Конго ДР құрамасымен 1:1 есебіне қанағат білдірді.
Қарсыластар қазірге дейін 10 мәрте жасыл алаң төрінде шеберлік байқасты. Әзірге хорватиялық футболшылар бірде-бір мәрте Португалияны жеңе алмай келеді. Сегіз кездесуде ола қарсыласына есе жіберсе, екеуінде тең нәтиже тіркелді.
Еске салсақ, бұдан бұрын Испания Аустрияны ойсырата жеңіп, 1/8 финалға шықты.