ӘЧ-2026: Жартылай финалдың бірінші күнінің кестесі мен трансляциясы
АСТАНА.KAZINFORM - 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының алғашқы жартылай финалдық матчы 14 шілдеден 15 шілдеге қараған түні өтеді, деп хабарлайды Sports.kz.
Арлингтондағы «Эй-Ти-энд-Ти» стадионында Франция мен Испания құрамасы кездеседі. Матчты сальвадорлық Иван Бартон басқаратын төрешілер тобы жүргізеді.
Матч Қазақстанда Qazsport және Qazaqstan телеарналарының тікелей эфирінен көрсетіледі.
Ширек финалда Франция Марокконы (2:0) жеңді, ал Испания Бельгияны (2:1) жеңді.
Франция бұған дейін екі рет (1998, 2018) әлем чемпионатын жеңіп алған, ал Испания бір рет (2010) чемпион атанған.