20:07, 02 Желтоқсан 2015 | GMT +5
ӘЧ: Жеңіспен оралған қос саңлағын жерлестері зор қошеметпен күтіп алды - Қызылорда
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Хьюстон қаласында өткен Әлем чемпионатына аттанған саңлақтарымыз нағыз қазақстандық спортшының мінезін көрсетіп, тілеулестері күткен биіктен көріне білді.
Олар Сыр еліне жеңіспен оралды,-деп хабарлады облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен.
Бүгін Қорқыт ата әуежайынан ауыр атлетикадан Әлем чемпионы Александр Зайчиков пен күміс жүлдегер Алмас Өтешовті қызылордалықтар үлкен қошеметпен күтіп алды. Әлем чемпионы Александр Зайчиков пен күміс жүлдегер Алмас Өтешов жас жеткіншектерге қолтаңба берді.