«Адал азамат»: 2 мыңнан астам мектепте бірыңғай тәрбиелік орта қалыптастырылады
АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының қолданыс аясын кеңейту жөніндегі тапсырмасына сәйкес еліміздің мектептерінде бірыңғай тәрбиелік орта қалыптастыру жұмыстары жүргізілуде.
Білім беру кеңістігі арнайы әзірленген брендбук негізінде мазмұндық және көрнекі материалдармен толықтырылып жатыр.
Мектептерді безендіруде «Адал азамат» бағдарламасының негізгі құндылықтары, Жаңа Конституцияның нормалары мен құндылықтары, «Таза Қазақстан» идеялары, ұлы тұлғалардың тағылымды сөздері, сондай-ақ Қазақстанның табиғаты мен көрікті жерлерін танытатын бейнелер қамтылған.
Бұл жұмыс «Адал азамат» құндылықтарын оқушылардың күнделікті ортасына енгізуге, олардың бойында азаматтық жауапкершілік пен отаншылдықты, заңға бағыну мәдениетін және қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қалыптастыруға бағытталған.
Айта кетелік 2026-2027 оқу жылында 8 мыңнан астам мектепте 4,1 миллион бала білім алады.