Адами капиталды дамыту - Қазақстан дамуының қозғаушы факторы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Адами капиталды дамыту Қазақстан дамуының қозғаушы факторы болып табылады. ҚР Президентінің таяудағы Жолдауына түсініктеме берген Сауд Арабиясы Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Елшісі Горм бен Саид Әл Малхан осындай пікірін білдірді.

Адами капиталды дамыту - Қазақстан дамуының қозғаушы факторы

Елшінің айтуынша, ағымдағы әлемдік дағдарыс мұнай бағаларының төмендеуімен байланысты. Бұл ретте Қазақстан мұнайға ғана емес, басқа да табиғи ресурстарға ие. Ал соңғы уақытта Қазақстанда қазақстандық экономиканың дамуының қозғаушы факторы болып табылатын адами капиталды дамытуға үлкен көңіл бөлінген. Қазақстанның әлемнің 30 дамыған елдерінің қатарына кіру талпынысын есепке ала отырып, әсіресе инновациялық сала мамандарын даярлау қажет деп есептеймін. Қазақстан Сауд Арабиясына ұқсас, бірақ біздің елдер мұнайға сүйенуі тиіс емес, біз басқа мүмкіндіктерді пайдаланғанымыз жөн.

Сауд Арабиясы - Қазақстанды тәуелсіз мемлекет деп таныған алғашқы елдердің бірі. Қазақстан Тәуелсіздігінің бекітілуімен Сауд Арабиясы Корольдігі Сіздің елдің сыртқы саясатының дамуына белсенді атсалысты, Сіздің еліңіздің экономикалық өзгерістерінен хабардар болуға тырысты. Ағымдағы жылы біздің еліміздің Индустрия және сауда министрі бастаған САК делегациясының Қазақстанға сапарының қорытындылары бойынша Іскерлік кеңес құрылды.

Қаржылық сала мәселесіне келгенде, Елші Қазақстанның Исламдық қаржыландыру орталығын құру әлеуеті бар екенін атап өтті. «Сауд банкілері мен компаниялары «Астана» Халықаралық қаржылық орталығын дамытуға қатысатынына сенімдімін», - деп атап өтті ол.

«Тәуелсіздік күні қарсаңында ҚР Президенті және Қазақстан халқына амандық пен бейбітшілік, сондай-ақ Сіздің еліңізге ілгерілемелі даму тілегін білдіргім келеді!», - деп білдірді лебізін Елші.