Әділбек Мусин Жазғы универсиадада қола жүлде алды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан ХХХІ Жазғы универсиадада Әділбек Мусин баттерфляй әдісімен 100 метрге суға жүзуден үшінші орын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық спортшы аталған қашықтықты 2,03 секундта бағындырды.

Бірінші және екінші орындар польшалық спортшыларға бұйырды.

Айта кетсек, ол іріктеу сатысында бұл қашықтықты 52,34 секундта жүзіп өтіп, финалға жолдама алған еді.

Бұдан бұрын Әділбек Мусин Жапонияның Фукуока қаласында өткен су спорты түрлерінен әлем чемпионатында баттерфляй әдісімен 100 метрге жүзуден іріктеу сатысында 51,68 секундты еншілеп, Қазақстан рекордын жаңартты.

Жазғы универсиадада қазірге дейін Қазақстан құрамасы 20 медаль еншілеп үлгерді. Оның ішінде 2-і алтын, 7-і күміс, 11-і қола.

Медальдар кестесінде Қытай 150 жүлдемен (82-35-33) көш бастап тұр. Одан кейінгі орындардағы Жапония 75 (19-25-31), Оңтүстік Корея 50 (17-15-18) медалі бар.

Жазғы универсиада 8 тамызда мәресіне жетеді.


Соңғы жаңалықтар