Әділет министрі Конституциядан сот санкциясынсыз ұстау мерзімін нақтылауды алып тастауды ұсынды

АСТАНА. KAZINFORM — Конституциядан сот санкциясынсыз ұстау мерзімін нақтылауды алып тастау керек. Бұл туралы Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның отырысында Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев айтты. 

Әділет министрі Конституциядан сот санкциясынсыз ұстау мерзімін нақтылауды алып тастауды ұсынды
Фото: видеодан алынған скрин

— Сот санкциясынсыз ұстау мерзімінің ұзақтығына да назар аударғым келеді. Конституцияның 16-бабына енгізілетін түзетулер жобасының ұсынылған редакциясында ұстау мерзімін нақтылау шамадан тыс көрінеді. Бұл жөнінде бұған дейін Бас прокуратура өкілі де атап өткен болатын. Қолданыстағы Конституция шартсыз түрде адамның заңсыз ұсталуынан сот арқылы қорғауға және бақылауға кепіл береді. Бұл заң шығарушыға ұстаудың негізделген шекті мерзімдерін тиісті заң аясында бекітуге негіз береді. Осыған байланысты Конституция аясында шамадан тыс нақтылауды алып тастау ұсынылады, — деді Ерлан Сәрсембаев.

Бұған дейін Конституциядан «Астана» қаржы орталығына қатысты норма жойылуы мүмкін екенін жазған едік.

Соңғы жаңалықтар