«AgroSkills-2025»: Республикалық байқауда аграрлық саладағы үздік студенттер анықталады

АСТАНА. KAZINFORM — Қостанай облысының Әулиекөл ауылында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында кәсіби шеберлік бойынша республикалық «AgroSkills-2025» байқауы басталды, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

«AgroSkills-2025»: Республикалық байқауда аграрлық саладағы үздік студенттер анықталады
Фото: Абай облысының әкімдігі

Байқау Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ұйымдастырылған. Іс-шараға еліміздің барлық өңірінен іріктелген үздік студенттер қатысып жатыр. 

Қатысушылар «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» құзыреттілігі бойынша өз шеберліктерін көрсетіп бастады. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы техникасын басқару, жабдықтарды диагностикадан өткізу және жөндеу, заманауи цифрлық технологияларды қолдану сияқты өндірістік жағдайға жақын тапсырмаларды орындады. 

Екі күн ішінде студенттер білімі мен дағдыларын көрсетіп ғана қоймай, тәжірибе алмасып, жаңа кәсіби машықтарға ие болады. 30 қыркүйек күні жеңімпаздар анықталып, үздік қатысушылар марапатталады.

Бұған дейін республикадағы колледждердің үздік студенттері анықталған еді.

Соңғы жаңалықтар