Ағымдағы жылдың 5 айында соттан қашып жүрген 1,5 мың қылмыскер ұсталды

Министр өз есебі барысында ағымдағы жылдың 5 айында ішкі істер органдарының жедел қызметтік нәтижелерін баяндады.
Оның атап өтуінше, аталған мерзімде ауыр және аса ауыр, денеге ауыр жарақат салу, бұзақылық, зорлау, ұрлық, алаяқтық, тонау және бұзақылық сынды қылмыстардың ашылу көрсеткіші жақсарған. Өткен жылдардағы 5 мыңнан астам қылмыстық құқық бұзушылық әшкереленген. Оның ішінде 15 кісі өлімі, 40 денеге ауыр жарақат салу, 30 зорлау, 200-ден астам тонау, 30 қарақшылық, 3,6 мың ұрлық, 900 алаяқтық және 200 бұзақылық қылмыстары ашылған. Мұнан бөлек, тергеу мен соттан жалтарып жүрген 1,5 мыңнан астам қылмыскер ұсталды.
«Қоғамдық отырыс барысында Қасымов кеңес мүшелерінің сауалдарына да жауап берді. Жалпы, Ішкі істер министрінің есебі Қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан мақұлданды және олар министрлік қызметінің тиімділігін жақсартуға бағытталған ұсыныстар берді», - деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметінен.