Ағымдағы жылдың 9 айында Қазақстанның өңдеу секторына салынған инвестиция 16 пайызға артты

«2012 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында өңдеу өнеркәсібіне салынған инвестицияң көлемі 148,8 млрд теңге болды,бұл өткен жылғы көрсеткіштен 16,7% артық», - делінген ведомствоның хабарламасында.
Оның ішінде, негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 3 536,4 млрд теңге, бұл өткен жылғы тиісті мерзімдегі деңгейден 8,8 % көп.
Өңдеу өнеркәсібіне салынған тікелей шетелдік инвестицияларға келетін болсақ, ҚР ИЖТМ ақпарына қарағанда 2012 жылдың бірінші жартыжылдығында 700 млн доллардан астам қаржы тартылған.
Жалпы, 2012 жылдың 6 айы ішінде Қазақтан экономикасына 10 млрд доллардан астам ТШИ тартылған.
2012 жылдың бірінші жартыжылдығындағы инвестор елдер арасынан негізгі инвесторлар ретінде Нидерландыны (4,8 млрд АҚШ доллары), Қытайды (1,4 млрд АҚШ доллары), Францияны (583,5 млн АҚШ доллары) және Бельгияны (514,6 млн АҚШ доллары) атауға болады.
2012 жылдың бірінші жартыжылдығында экономикалық қызметтер түрі бойынша ТШИ неғұрлым көп ағыны: кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет түрлеріне - 4,2 млрд доллар, ақпарат және байланысқа - 1,8 млрд доллар, тау-кен өндірісі өнеркәсібі мен карьерлерді әзірлеуге - 1,5 млрд доллар, толайым және бөлшек саудаға - 1,03 млрд доллар көлемінде тартылған.