АХҚО биржасы мемлекеттік исламдық құнды қағаздарды орналастыру алаңына айналуы тиіс - Қ.Келімбетов

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана» халықаралық қаржы орталығы биржасы 2017 жылы мемлекеттік исламдық құнды қағаздарды орналастыру алаңына айналуы тиіс. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Шетел инвесторлары кеңесінің 29-шы отырысында аталған орталықтың басқарушысы Қайрат Келімбетов мәлім етті.
None
None

«Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, Сіздің 2020 жылға қарай Қазақстанды ТМД мен Орталық Азияның исламдық банкинг хабына айналдыру туралы тапсырмаңызды қаперге ала отырып, исламдық қаржыландыруды дамыту аясында біз исламдық қаржылық институттар үшін жайлы құқықтық және реттеуші орта қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізудеміз. АХҚО биржасы 2017 жылы Лондон, Люксембург, Гонконг және Дубай қор биржаларындағыдай мемлекеттік исламдық құнды қағаздарды орналастыру алаңына айналуы тиіс»,- деді орталық басқарушысы.

Оның айтуынша, исламдық қаржыландыру құралдары мемлекеттік жеке-серіктестіктің инвестициялық және инфрақұрылымдық жобаларында табысты қолданылуы мүмкін.

Қ.Келімбетовтің хабарлауынша, қаржы орталығы Қазақстан мен ТМД елдеріндегі исламдық қаржы қызметтері индустриясын кеңейту үшін Исламдық даму банкі тобымен меморандумға қол қойды. Сонымен қатар АХҚО-да исламдық қаржыландыруды дамытудың жол картасын әзірлеу де қолға алынуда.

Соңғы жаңалықтар