Ахметжан Есімов Т. Жүргенов атындағы Ұлттық өнер академиясына 10 жаңа велосипед тарту етті

Оны қала әкімі Ахметжан Есімов кеше Алматыда «Мәдениет жылы» мен Жеңіс күніне арналған веложарыста айтты.
Шаһар басшысы бастаған велосипедшілердің бұл додасы Халықаралық шаңғымен тұғырдан секіру кешенінен басталды. Олар Әл - Фараби даңғылы бойымен Шығыс айналма жолын басып өтіп, Орманов пен Бөгенбай көшелері арқылы Панфилов көшесіндегі Т. Жүренов атындағы ұлттық өнер академиясында мәреге жетті. Онда жеңімпаздарға сый-сияпат табыс етілді. Сондай-ақ қала әкімі өзінің және қала кәсіпкерлерінің атынан жоғары оқу орнына 10 жаңа велосипед тарту етті. А.Есімов велосипед инфрақұрылымын дамыту ісі 2009-2018 жылдары Алматы қаласының ауасын ластанудан сақтаудың кешенді бағдарламасына енгізілгенін, велосипедшілер үшін арнайы жолдар салу Алматыда биыл да қарқынды жүргізілетін жеткізді. Енді алдағы уақытта қала жұртшылығын салауатты өмір салтына белсене қатыстыру мақсатында алғашқы қайырымдылық марафоны ұйымдастырылмақ.