AI-фильмдер байқауы: 1 миллион долларды кімдер ұта алады

АСТАНА. KAZINFORM — Astana AI Film Festival халықаралық AI-фильмдер байқауы жарияланды. Оған әлемнің түкпір-түкпіріндегі креаторлар қатыса алады. Бұл жөнінде фестиваль ұйымдастырушысы Алмас Жәли мәлімдеді.

Astana AI Film Festival халықаралық AI-фильмдер байқауы жарияланды
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

— Фестиваль биыл 28 қыркүйек пен 1 қазан аралығында елордада Astana AI Week — жасанды интеллект апталығы аясында өтеді. Бұл AAIFF-ті елдегі ірі технологиялық іс-шаралармен байланыстырып, фестивальдің халықаралық мәртебесін күшейтеді, — деді ол жобаны таныстыруға арналған баспасөз конференциясында.

а
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

Алмас Жәлидің айтуынша, байқау бағдарламасы екі секциядан тұрады: «The future worth living in» («Өмір сүруге тұрарлық болашақ») тақырыбына арналған негізгі секция және үздік режиссура, визуалды тіл, оқиға, концепция және кейіпкер номинациялары бойынша ашық секция.

Astana AI Film Festival халықаралық AI-фильмдер байқауы жарияланды
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

Басты талап — фильм full AI технологиялары арқылы жасалуы тиіс. Демек, жасанды интеллект қосымша құрал ретінде емес, туындыны жасаудың негізгі инструменті ретінде қолданылуы шарт.

Astana AI Film Festival халықаралық AI-фильмдер байқауы жарияланды
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

Байқауға қатысу тегін және жас ерекшелігіне немесе кәсіби тәжірибесіне қарамастан барша ниет білдірушіге ашық. Үміткерлер ұзақтығы 10 минутқа дейінгі қысқаметражды AI-фильм әзірлеп, оны жобаның сипаттамасымен бірге aaiff.ai фестиваль платформасына жүктеуі қажет.

Astana AI Film Festival халықаралық AI-фильмдер байқауы жарияланды
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

Іріктеу қорытындысы бойынша AAIFF командасы мен халықаралық сарапшылар негізгі секциядан 10 және ашық секциядан 15 жұмысты таңдап алады.

Финалистерді киноиндустрия, AI-қоғамдастық және creative tech саласының өкілдерінен құралған халықаралық қазылар алқасы бағалайды.

Astana AI Film Festival халықаралық AI-фильмдер байқауы жарияланды
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

Өтінім қабылдау 2026 жылғы 15 тамызға дейін жалғасады. Байқау финалистері қыркүйек айында жарияланып, көрсетілімдер мен жеңімпаздарды марапаттау рәсімі Astana AI Week аясында Астана қаласында өтеді.

Astana AI Film Festival халықаралық AI-фильмдер байқауы жарияланды
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

Ал фестивальдің жалпы жүлде қоры — 1 миллион АҚШ доллары.

Сондай-ақ, фильмдер ағылшынша болғаны жөн. Ал шетелдік қатысушылар португал, қытай т.б. тілдердегі өнімдерін ұсынса, онда ағылшынша субтитр қосу талап етіледі.

Astana AI Film Festival халықаралық AI-фильмдер байқауы жарияланды
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда AI-стартаптар мен зерттеулерді қолдаудың жаңа бағдарламалары іске қосылатынын жазғанбыз.