Аида Әбікеева бокстан әлем кубогында жартылай финалға шықты
АСТАНА. KAZINFORM - World Boxing федерациясының ұйымдастыруымен өтіп жатқан әлем кубогында тағы үш боксшы жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.
Беделді бәсеке Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында 20-26 сәуір аралығында өткізіліп жатыр.
Дүбірлі додада Аида Әбікеева (65 келі) марокколық Доуа Закки, Диас Молжігітов (80 келі) англиялық Оладимеджи Шитту, Алуа Балқыбекова (51 келі) ирландиялық Дайана Мурхаузды қапы қалдырып кетті.
Ал Даниял Сәбит (50 келі) марокколық Иссам Бенсаяр, Санжарәлі Бегалиев (75 келі) әзербайжандық Саиджамшид Джафаровқа есе жіберіп, жарыс жолынан шығып қалды.
Айта кетсек, күндізгі сессияда Виктория Графееева (60 келі) канадалық Мари ал Ахмади, Сұлтанбек Айбарұлы (85 келі) италиялық Паоло Карусоны жеңсе, Фарух Тоқтасынов (70 келі) әзербайжандық Наби Исгандаровқа есе жіберді.