Сұлтанбек Айбарұлы Бразилиядағы әлем кубогының жартылай финалына шықты
АСТАНА. KAZINFORM – Бразилияда өтіп жатқан бокстан әлем кубогының жартылай финалдық жолдамасын тағы бір отандасымыз Сұлтанбек Айбарұлы (85 келі) иеленді.
Ширек финалдық кездесуде қазақстандық былғары қолғап шебері италиялық боксшы Паоло Карузоны 4-1 (30-27, 30-27, 30-27, 30-27, 28-29) есебімен жеңді.
Өкінішке қарай, 71 келіде сынға түскен Фарух Тоқтасынов келесі айналымға шыға алмады.
Еске сала кетейік, бұған дейін бұрымды боксшымыз Виктория Графеева Бразилиядағы әлем кубогының жартылай финалына жолдама алғанын хабарлаған едік.