Виктория Графеева Бразилиядағы әлем кубогының жартылай финалына жолдама алды

АСТАНА. KAZINFORM – World Boxing федерациясының ұйымдастыруымен өтіп жатқан әлем кубогында кезекті айқасын өткізген Виктория Графеева (51 келі) жартылай финалға өтті. 

Виктория Графеева Бразилиядағы әлем кубогының жартылай финалына жолдама алды
Фото: ҰОК

60 келі салмақта сынға түскен отандасымыз ширек финалдық айқаста канадалық боксшы Мари ал Ахмадиді айқын басымдылықпен (5:0 есебімен) жеңді. 

Енді күндізгі сессияда 70 келіде қазақстандық боксшы Фарух Тоқтасынов әзербайжандық Наби Исгандаровпен шаршы алаңға шығады. Сондай-ақ 85 келіде Сұлтанбек Айбарұлы италиялық боксшы Паоло Карусомен жартылай финал жолдамасын сарапқа салады. 

Айта кетейік, Фос-ду-Игуасу қаласындағы байрақты бәсеке 26 сәуірге дейін жалғасады. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Бразилияда өтіп жатқан әлем кубогында бүгін қанша қазақстандық боксшы шаршы алаңға шығатынын жазған едік.