Әлем кубогында бүгін қазақстандық қанша боксшы сайысқа түседі

АСТАНА. KAZINFORM - World Boxing федерациясының ұйымдастыруымен өтіп жатқан әлем кубогында бүгін, 24 сәуірде ел құрамасынан сегіз боксшы шаршы алаңға шығады.

Алуа Балқыбекова әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына үшінші алтынды салды
Фото: ҰОК

Беделді бәсеке Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында 20-26 сәуір аралығында өткізіліп жатыр.

24 сәуір 1/4 финал

Күндізгі сессия

60 келі. Виктория Графеева - Мари ал Ахмади (Канада)

70 келі. Фарух Тоқтасынов - Наби Исгандаров (Әзербайжан)

85 келі. Сұлтанбек Айбарұлы - Паоло Карусо (Италия)

Кешкі сессия

65 келі. Аида Әбікеева - Доуа Закки (Марокко)

80 келі. Диас Молжігітов - Оладимеджи Шитту (Англия)

51 келі. Алуа Балқыбекова - Дайана Мурхауз (Ирландия)

50 келі. Даниял Сәбит - Иссам Бенсаяр (Марокко)

75 келі. Санжарәлі Бегалиев - Саиджамшид Джафаров (Әзербайжан)

Күндізгі сессия Қазақстан уақытымен 19:00 -де және кешкі сессия 1:00-де басталады.

Айта кетсек, бұдан бұрын 23 сәуірде Алуа Балқыбекова (51 келі), Аида Әбікеева (65 келі) жарысты жалғастыруға мүмкіндік алса, Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (65 келі) қарсыласына есе жіберді.

Ал 22 сәуірде Виктория Графеева, Даниал Сәбит (50 келі), Диас Молжігітов (80 келі) ширек финалға өтсе, Наталья Богданова (70 келі), Назым Қызайбай (54 келі) жарысты аяқтады.