Алуа Балқыбекова Бразилиядағы әлем кубогын жеңіспен бастады
АСТАНА. KAZINFORM – Екі дүркін әлем чемпионы Алуа Балқыбекова Бразилиядағы әлем кубогын сәтті бастады.
51 салмақ дәрежесінде бақ сынаған отандасымыз болгариялық Златислава Чуканованы 4:1 есебімен жеңді.
Төрт төреші 30-27 есебімен қазақстандық спортшыны басым түсті деп есептесе, бір төреші 29-28 есебімен болгариялық үздік шықты деп есептеген.
Айта кетейік, бұл – Алуаның биылдыққа бақ сынап отырған алғашқы турнирі.
Еске сала кетейік, бұған дейін Назым Қызайбай бокстан әлем кубогында жарысты ерте аяқтағанын жазғанбыз.