Аида Балаева еліміздегі ажырасудың негізгі себебін атады

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстанда заңды неке қию мен ажырасу көрсеткіші төмендеген. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлім етті.

Балаева
Фото: Адлет Беремкулов/Kazinform

«Отбасы туралы ұлттық баяндамаға сәйкес азаматтардың 95,4% отбасылық қатынастарды қолдайды. Ұлттық статистикасына сәйкес 2023 жылы 2022 жылмен салыстырғанда некеге тұру 5,9%, ал ажырасу 5,3%-ға азайды», - деді Аида Балаева Сенатта өткен Үкімет сағатында жасаған баяндамасында.

Сонымен қатар министрдің ажырасудың негізгі себептерін атады. Ол – ішімдікке салыну, ерлі-зайыптылардың біреуінің нашақорлығы - 61,7%, тұрмыстық зорлық-зомбылық -51,1%, сенімсіздік – 0, 47%, лудомания-38,4%.

«Жүргізілген зерттеуге сәйкес, қазақстандықтар көрсеткен ажырасудың себебі (20%) бала туа алмау, әрбір 6-шы отбасы осындай жағдайға тап болып отыр», - дейді ол.

Соңғы жаңалықтар