Air Astana 2026 жылдың жазында Ларнакаға тұрақты рейстерді іске қосады

АСТАНА. KAZINFORM – Air Astana әуекомпаниясы 2026 жылдың жазғы кестесінде Кипрге тікелей маусымдық рейстерге билеттерді сатуды бастады. Маусым мен қыркүйек айлары аралығында әуетасымалдаушы Астана мен Алматыдан Ларнака қаласына тұрақты рейстерді орындайды. Бұл туралы Көлік министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Air Astana 2026 жылдың жазында Ларнакаға тұрақты рейстерді іске қосады
Фото: Kazinform

Астанадан 2 маусымнан 5 қыркүйекке дейін сейсенбі және сенбі күндері, таңертеңгі және күндізгі уақытта қатынайды, ал Ларнакадан қайту рейстері күндіз орындалады. Ұшу ұзақтығы сол жаққа – 5 сағат 40 мин, қайтарда – 5 сағат 5 мин.

Алматыдан 4 маусымнан 6 қыркүйекке дейін бейсенбі және жексенбі күндері қатынайды. Алматыдан ұшу – таңертең, Ларнакадан оралу – күндіз. Ұшу ұзақтығы сол жаққа – 6 сағат 5 мин, қайтарда – 5 сағат 30 мин.

Барлық рейс Airbus A321LR заманауи ұшақтарымен орындалады.

Еске сала кетейік, бұған дейін жаңа ұшақтармен қамтамасыз етуде қандай проблема бар екенін жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар